Президент: Геосаяси шиеленіс пен санкциялық текетірес мәдени салада көрініс табуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Геосаяси шиеленіс пен санкциялық текетірес мәдени салада көрініс табуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразия құрлығының қақ ортасында бола отырып, қазіргі халықаралық жағдайдағы ұстанымымызды тағы да атап өткім келеді. Бүгінде әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс байқалады, шиеленіс ең жоғары нүктеге жетті. Жершарының әртүрлі бөлігіндегі саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қаруды қолдану қаупін қатты талқылап жатыр. Естеріңізге сала кетейін, Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыстан бері 33 жылға жуық уақыт өтті. Бұл аймақтың тұрғындары қырғи-қабақ соғыс кезіндегі ядролық қару жарысының барлық ауыртпалықтарын бастан өткерді. Жақында Мен бұл туралы Нью-Йорктегі БҰҰ-ның биік мінберінен айттым», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті атом энергиясы адамзаттың керемет жетістігі екенін және ол халықаралық күрестің жойқын құралы ретінде емес, тек адамдар мен елдердің игілігі үшін жұмыс істеуі қажеттігін баса айтты.

«Тәуелсіздіктің жылдары ішінде Қазақстан бұл ұстанымды дәйекті түрде қорғап келеді. Еліміз ымыра шешімдер іздеуге, қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға, жалпыға бірдей прогреске қол жеткізуге бағытталған сындарлы сыртқы саяси күн тәртібін үнемі ұсынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі заманғы әлемдік тәртіп күшті дағдарысты бастан кешіп жатқанын айтты.

«Одан адамзаттың болашағы үшін жалпы жауапкершілікті сезіну, халықаралық құқықтың қалыптасқан қағидаттарын сақтау, мемлекеттердің өзара мүдделерін құрметтеу негізінде ғана шығу мүмкін болады. Өкінішке орай, қазір геосаяси шиеленіс пен санкциялық текетірес мәдени салада көрініс табуда«, - деді ҚР Президенті.



Фото : t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар