Президент «G4 City» жобасының перспективасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «G4 City» жобасын жүзеге асырудың перспективалары туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктерімен бірге Алматы агломерациясын дамыту аясында нақты ұсыныстар енгізуі керек. Оның ішінде «G4 City» жобасын жүзеге асырудың болашақ перспективалары да бар», - деді Мемлекет басшысы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте.

«Бізде неге екенін білмеймін, барлық жобалар ағылшын тілінде. Бұны шетелдіктер ойлап тапты ма, әлде сіздер ме?» - деді Президент.

«G4 City» – Алматы агломерациясында спутник-қалаларды салу жобасы.

Соңғы жаңалықтар