USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Президент этносаралық қатынас тақырыбында практикалық зерттеулер жүргізуді тапсырды

2021 жылғы 21 қазан 13:17
Бөлісіңіз:
Президент этносаралық қатынас тақырыбында практикалық зерттеулер жүргізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамлық даму министрлігіне этносаралық қатынас тақырыбында практикалық зерттеулер қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл аса сезімтал бағыт популизм мен делитанттықты көтермейді. Бұл істе тек құзыреті бар мамандар жұмыс істеуі керек. Елдің ішіндегі және тіпті сыртындағы оқиғаларға біз барынша таразыланған, ғылыми фактілер тілімен және нақты сандармен өлшенген жауап қатуымыз керек. Біздің бұл бағытта айтарымыз бар. Қазақстан халқы ассамблеясының табысты тәжірибесі - осының айқын дәлелі. Ақпарат және қоғамдық даму министрілігіне интеграция мен жалпыұлттық бірлік, этносаралық қарым-қатынастағы үйлесімділік сияқты өзекті тақырыптар бойынша пайдалы практикалық зерттеулерді жолға қоюды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы аталмыш шарада этностардың әлеуметтік-мәдени оқшаулануына қарсы шаралар әзірлеуді ұсынды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT