Президент Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа көшеттер Көктөбеде қалып қойғаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағаш – қаланың да, бүкіл халықтың да нығметі. Бүйтуге болмайды. Көптеген көшеттің Көктөбенің баурайында қалдырылғаны ешбір сын көтермейді. Қайырымды істің быт-шыты шықты. Сондықтан әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Істі бастадың ба, бітіру керек. Қолыңнан келмейтін іске араласпа», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев көшеттердің Көктөбеде қалдырылғаны үшін қоластындағыларды жазалаған болатын.

Соңғы жаңалықтар