Президент ең төменгі жалақы деңгейін көтеру шешімін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы. Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар