Президент елордада азық-түлік бағасының қымбаттығын сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік және күнделікті өмірге қажетті тауарлардың бағасы қымбат. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік және күнделікті өмірге қажетті тауарлардың бағасы қымбат екенін айту керек. Бұл белгілі мәселе. Мысалы ұн бағасы елдегі орташа бағадан 18,2 процентке, сүзбе 17 процентке, пияз 14,5 процентке, күнбағыс 9,6, сиыр еті 6,7 процентке жоғары. Бұл қалада тиісті инфрақұрылым және азық-түлік белдеуі орнықпаған деген сөз», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің мәліметінше, елордада сауда орындары тапшы. Ұйымдастырушылар көбіне белгілі бір саудагерлерге ғана мүміндік береді. Яғни, бәріне бірдей жағдай жасалмайды. Елорда әкімдігі мен көршілес облыстар арасындағы байланыс өз деңгейінде емес.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, тауар өндірушілер мен сауда желілері арасында тікелей байланыс орнату мәселесін реттеуді тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар