Президент елорда сотына жаңа судьяларды тағайындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қуанышбай Әлжіков елорданың қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттарының жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі Жарлығымен Ақмарал Көшербаева Нұр-Сұлтан қалалық сотына, Мөлдір Әсембаева Алматы аудандық сотына, Арман Төлеубаев Есіл аудандық сотына, Ибрагим Әлкенов №2 Сарыарқа аудандық сотына, Алуа Байболатова мен Мейрамбек Ибрашев мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына, Виктория Семенова қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына судья болып тағайындалды.

«Сот алқасының төрағасы Қ.Әлжіков қызметтеріне кіріскен 7 судьяның еңбегіне жеміс тіледі», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар