+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Президент елімізге жаңа экономикалық бағыт керектігін айтты

2020 жылғы 24 қаңтар 12:57
Бөлісіңіз:
Президент елімізге жаңа экономикалық бағыт керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяулады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Осы дағдарыстан кейін медицина, білім беру, цифрландыру салаларын жандандыруға басымдық беріледі - Мәулен Әшімбаев ШОБ субъектілері қандай салықтардан босатылды «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды

«Еңбек өнімділігінің елеулі өсімінің болмауы - үлкен проблема. Бұл жағдай шынымен де проблема. Шикізаттық емес экспорттың үлесі баяу өсіп келеді. Экономикалық өсім сапасына байланысты мақсаттар ауқымды екенін көріп отырсыздар. Олардың ішінде басым бөлігі құрылымдық проблемалар. Оларды біз көп жылдардан бері шешіп келеміз», - деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы қойған стратегиялық мақсаттарға міндетті түрде қол жеткізу керектігін атап өтті. Осы орайда аталған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде Үкіметтің қадамдарын қайта жүктеудің уақыты жетіп отыр.

«Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяулағанын мойындау керек. Бұл фактіні халықаралық және отандық сарапшылар белгілеп отыр. Ел экономикасының терең реформаларының бағдарламасын даярлау маңызды деп санаймын. Бізге жаңа экономикалық бағыт керек. Реформалар ерік пен табандылықты талап етеді, Үкіметті дәл осындай жігерге шақырамын. Реформаларды іске асыру үшін ең алдымен мықты жігер керек. Үкімет осы қасиетті көрсететі деп үміттенемін. Басқа жол жоқ, өйткені уақытымыз да жоқ», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT