Президент: Еліміздің аспанында желбіреген көк туымыз - баға жетпес байлығымыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік деген" деген даналықтың мән-маңызы да осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздеріңіз сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтуде. Бұл аға ұрпақтың сіздерге артатын зор сенімін көрсетеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы - елордамыз халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айғақтайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шара барысында.

Мемлекет басшысы бас қаламыз бір ел, бір халық, бір ұлт болып жұмылған еліміздің жүрегі екендігін баса айтты.

"Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. Дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымы елордамызды бейбітшілік қаласы деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана халқымыздың ынтымақ, бірлігінің арқасы", - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар