Президент еліміздегі интернет пен байланыс сапасына көңілі толмайтынын айтты

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі интернет пен байланыс сапасына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде нақты емес нәрсені сату қалыпты жағдайға айналды. Олар интернет параметрлерінің бірін жарнамалайды да, шын мәнінде мүлде басқасын ұсынады. Жақсарып жатқан ештеңе жоқ. Маған берілген мәлімет бойынша, тіпті елорданың өзінде, сөз бен істің алшақтығы 40-50 пайызға дейін жетеді. Бұл, шын мәнінде, тұтынушыларды алдау деген сөз. Мұндай өрескелдікті доғару керек. Үкіметке әкімшілік құрамды заңдық негізде бекітуді және бұндай заң бұзушылықтар үшін санкциялар белгілеуді тапсырамын. Біз үнемі Қазақстанның аумағы жүз пайызға жуық интернетпен қамтылды деп айтып жүрміз. Кәнеки мәселенің басын ашып алайық, осы іс жүзінде расталған ақпарат па әлде жоқ па? Немесе ойымыздағыны шындық деп санаймыз ба?» – деді Президент.


Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Era Lifestyle» тақырыбында өткен дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты.
Соңғы жаңалықтар