Президент электр қуатын пайдалануға берудегі кемшіліктерді айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік және Батыс аймақтардың электр желісін күшейту жұмыстары жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергия қуатының орын алып отырған тапшылығын да естен шығаруға болмайды. Энергия теңгерімі жоспарына сәйкес, осы жылы бір гигаваттан артық қуатты пайдалануға беруге тиіс едік. Бірақ, бірқатар жобаны жүзеге асыру кейінге қалдырылып отыр. Биыл жоспарланған қуаттың тек 31 пайызы ғана іске қосылады», - деді Қазақстан Президенті бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, энергия тапшылығы жағдайында мұндай қарқын көңіл көншітпейді.

«Үкімет мұны түсінеді деп үміттенемін. Елдің бірыңғай энергия жүйесінің Оңтүстік және Батыс аймақтарының электр желісін күшейту жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Батыс аймақтағы жұмыстар тек 10 пайызға ғана аяқталған. Жобаларды дер уақытында жүзеге асыру үшін барлық іс-шараны қабылдау қажет. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі соған байланысты», - Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар