Президент елдегі жағдайға қатысты: Кейбір мемлекеттік органдар жұмысының олқылығы мен тиімсіздігі анық көрінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы күндері елдегі жағдайға қатысты кейбір мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елде болған жағдай кезінде әлеуметтік-экономикалық мәселелер де қатар шықты. Осы тұста кейбір мемлекеттік органдар жұмысының олқылығы мен тиімсіздігі анық көрінді. Сол сияқты халық табысында теңсіздіктің бары байқалды. Ал есептерге жүгінсек, халық табысының жыл санап өсіп жатқаны ғана көрінеді. Сөйтсек, орташа жалақының артында күрделі мәселе жатыр екен. Халықтың күрделенген проблемасы әлі шешілген жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Президенттің айтуынша, халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту мемлекеттік басты міндеті.

«Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек. Елде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе өзінің тиімділігін көрсетті, бірақ халықтың табысы әсері аз. Бұл теңсіздік. Және өз кезегінде бәсекелестіктің төмендеуіне кері әсерін тигізіп отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар