Президент елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған қазақстандықтардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сөйлеген сөзімде заң мен тәртіп еліміздің игілігі мен берекесінің негізгі кепілі екенін айттым.

Бұл тек Қазақстанға ғана емес, барлық өркениетті мемлекетке тән. Бұл азаматтардың бостандығы мен адам құқығын шектеу деген сөз емес. Керісінше, Алматыдағы және Қазақстанның өзге де қалаларындағы қайғылы жағдай заңның сақталмауы, шектен шыққандық және анархия адам құқығының бұзылуына әкеп соқтыратынын көрсетті», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде.

«Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді. Президент осы трагедиялар кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар