+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Президент экспортты қолдау шараларын цифрландыруды тапсырды

2021 жылғы 10 маусым 18:09
Бөлісіңіз:
Президент экспортты қолдау шараларын цифрландыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті министрліктерге экспортты қолдау шараларын цифрландыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Кaztrade базасында бірыңғай терезе жұмыс істеп тұр. Ол 24/7 қағидатымен форнт-кеңсе форматында қызмет көрсетеді. Сол арқылы экспорттаушылар толыққанды қолдау алады. Консультациялар мен даулы мәселелерді шешу түрінде, өнімді шетел нарығына жылжыту шығындарын қайтару бойынша нақты көмек алып отыр. Жалпы алғанда, экспорттауды қолдау мақсатына шамамен 1 млрд 200 млн доллар бағытталды. Бір сөзбен айтқанда біздің экспорттаушылар институционалдық тұрғыда да, қаржылық тұрғыда да қолдаумен қамтамасыз етілген», - деген Мемлекет басшысы экспорттаушыларды қолдауда Кеңес мүшелерінен түсіп жатқан ұсыныстарға да назар аудару керектігін айтты.

«Азия даму банкінің экспортты қолдау архитектурасына реформа жасау туралы ұсынысы назар аударуға тұрарлық. Цифрлық трансформация бірінші кезек т е шағын және орта бизнес үшін сауда шығындарын азайтатынымен келісуге болады. Сауда және интеграция министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Азия даму банкімен бірлесіп экспорттық қолдауды цифрландыру бойынша нақты шаралар әзірлеуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент экспорттық кредиттерді субсидиялау құралы әлемде кеңінен қолданылып отырғанмен, біздің елде әлі пайдаланылмай жатқанын еске салды.

«Жуық арада экспорттық кредиттерді субсидиялау құралын экспортты қолдау тетіктерінің қатарына қосу керек. Экспортты қолдауға арналған Kazexport бірыңғай операторына дұрыс реттеу режимін енгізу маңызды. Сондай-ақ, ақшаның экспорттаушыларға жедел, артық бюрократиясыз жетуі, бірақ олардың қаржыны ақылмен жұмсап, есеп беріп отыруы маңызды», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT