Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады. Оның айтуынша, Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде ЭЫҰ мен АӨСШК-нің экономика саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қолдау көрсетуге әзір. Аталған құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдарды көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, энергетика, туризм, цифрлық технологиялар және басқа да салалар бойынша дамытуға болады.
«Ортақ мүдделерді көздеген, бірлескен жобаларды нақты жүзеге асыруға негізделген жан-жақты ынтымақтастық қазіргі сын-қатерлерге төтеп беріп, ертеңгі күнге дайын болуға мүмкіндік жасайды деген ниеттеміз. Біз ұйымға үлкен үміт артамыз», – деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға Экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.
Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты.