Президент Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, былтыр көлеңкелі экономика аясында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қозғалған істер рекордтық деңгейге жеткен. «73 қылмыстық топтың жолы кесілді, қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейі төмендетілді. Бұл істің басы ғана», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеру керек. Және ең қысқа мерзім ішінде Президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құру қажет» деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар