Президент екі Заңға қол қойды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі бірдей Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды», - деп жазды ақпарат көзі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға да қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар