USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Президент: Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс

2021 жылғы 21 қазан 14:17
Бөлісіңіз:
Президент: Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Алматыда қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауды тапсырды Президент күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізді Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

«Бесінші – Ассамблеяының әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдау тәсілдерін дамыту. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жыл сайын көптеген маңызды жобаны жүзеге асырады. Бұл ретте олар мемлекеттен ақпараттық қолдау және ұйымдастыру жағынан ғана көмек алады. Мұндай бастамаларды Ассамблеяның халықтық жобасы деп атауға болады. Олардың авторлары ресми түрде Ассамблея жобасының жетекшісі ретінде танылуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай Мемлекет басшысы бейінді министрліктер әкімдіктер көп адамды қамтитын республикалық жобаларды жүзеге асыру барысында Ассамблеяның, оның құрылымдарының жұмысына қолдау көрсетуі тиістігін баса айтты.

«Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға емес ҚХА-ның халықтық бастамалары үшін ресурстық орталықтар және жобалық кеңселерге айналуы тиіс. Этномәдени бірлестіктер де бұл жұмысқа белсенді қатысуы қажет», - деді ҚР Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT