Президент дін көшбасшылары съезін дамытудың 2033 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін дамытудың 2023 жылдан 2033 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сондай-ақ, мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023 жылдан 2033 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасын әзірлеу қажет деп есептеймін. Бұл тұжырымдама біздің форумның ықпалын одан әрі нығайту үшін нақты қадамдар мен кезеңдерді қамтуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның съезд қызметіне қолдау көрсете беретінін атады.

«Біздің міндетіміз – өркениеттер арасында ашық диалогті қамтамасыз ету және ілгерілету, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Сіздерге тағы да алғысымды білдіріп, бейбітшілік, ынтымақтастық және төзімділік үшін бірге жұмыс істейік деген үндеу айтқым келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.






Фото : t.me/bort_01


Соңғы жаңалықтар