Президент дәрігерлерге, құқық қорғау қызметкерлері мен волонтерлерге алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы өте күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болып, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жайқалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.

ҚР Президентінің айтуынша, бұл - Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі.


Соңғы жаңалықтар