Президент: Дағдарыстан алған сабаққа жан-жақты талдау жасау қажет

None
None
АНА.3 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Дағдарыстан алған сабаққа жан-жақты талдау жасау қажет. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Соңғы кезде жағымсыз трендтерді өткерудің белгілері пайда болды, алайда соңғы 70 жылда экономикалық катаклизмдерді шақырған ең ірі проблемалар толығымен шешілген жоқ. Атап айтқанда дағдарыстан алған сабаққа жан-жақты талдау жасау қажет»,-деді Президент.

Дағдарыстан алған ең басты сабақ - экономикалық саясатта теңгерісмсіздікке жол бермеу. Екінші сабақ ретінде Елбасы индустриялық-инновациялық саясаттың маңыздылығына байланысты екенін айта келе, «көптеген елдер инновациялар, жаңа технологиялар, жеке корпоративті чемпиондарды қалыптастыру арқылы жаһандық бәсекелестікке қосылды»,- деді.

Елбасы дағдарыстан алған үшінші негізгі сабақ әлеуметтік саясатқа қатысты екенін айтып өтті. «Оның рөлі соңғы кезде негізсіз төмендетіліп отырды. Араб елдеріндегі оқиғалар, сондай-ақ дамыған мемлекеттердегі ахуалдар халықтың әлеуметтік жағдайына ұдайы назар аударудың өзектілігін көрсетті»,-деді.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде әлемдік экономиканың алдындағы жаһандық қатерлер қаржылық, индустриялық-ингновациялық, ресурстық-азық-түліктік секторларына байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар