Президент: Цифрландыру ЕАЭО елдерінің басым бағытына айналуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді цифрландыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетекші технологияларды дамыту үшін тартымды алғышарттар жасауға назар аударған абзал. Табысты экономиканың негізіндегі ғылыми технологиялар өндірістің жетекші амал-әдістеріне қол жеткізуге жол ашады. Сол себепті, цифрландыру – біздің елдердің экономикаларының басым бағытына айналуы керек. Қазақстанда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. Сол арқылы ауқымды мәліметтерді «Жасанды интеллект» арқылы парақтауға мүмкіндік туады. Бұл – айналып келгенде объективті қажеттілік. Біздің экономикалық одақтың аясында 2017 жылы «Цифрлы сапар» жүргізілген еді. Бұл салада бірлескен жобаларымыз да жоқ емес. Менің ойымша, біз бұл жұмысты жалғастыруымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Еске салсақ, Армения астанасында Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Арменияның Премьер-министрі Николай Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Соңғы жаңалықтар