Президент бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауды жүктеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңын белсенді пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнесті шетелдік инвестициялармен қамтамасыз етуде, капиталға қол жеткізуде маңызды рөлді «Астана» Халықаралық қаржы орталығы атқаруы тиіс. Біз арнайы түрде бөлек сотты, қаржылық реттеушіні, биржаны құрдық. Барлық меморгандар, ұлттық компаниялар қаржыландыру үшін АХҚО алаңын белсенді түрде пайдалануы керек», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты - өмір сүру деңгейінің артуына қатысты екенін атап өтті. «Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.   Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс»,  - деді Н. Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы аталған салаларға шығыстарды бағыттау керектігін атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы уақытта Ақордада Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Соңғы жаңалықтар