Президент бюджеттік қаржының жұмсалуына тиісті қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды

None
None
А. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттік қаржының жұмсалуына тиісті қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» ХДП-ның Парламенттегі фракциясы арқылы бөлінген қаржының жұмсалуына байланысты тиісті қадағалауды қамтамасыз ету қажет. Меніңше, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2009 жылы жақсы тәжірибе жинақтаған секілдіміз»,-деді Президент бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысында.

Елбасы Ұлттық қордан бөлінген 10 миллиард АҚШ доллары туралы айта келе: «жалпы, бірде бір теңге бекер жұмсалған жоқ. Бірақ бірен-саран заң бұзушылықтар болса, біз оны тексерудеміз. Яғни, біз осылай жұмыс істей аламыз», деді.

Соңғы жаңалықтар