Президент бюджет қаражатын игеруде орындалған жұмыстардың сапасына қатысты айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджет қаражатын игеруде шығыстардың тиімділігі мен орындалған жұмыстардың сапасы екінші орында қалып отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, бюджет деңгейлері арасында кірістерді әділ бөлу мәселесі өзекті болып тұр. Қатаң фискалды орталықсыздандыру жағдайында кірістерді бөлу жүйесі объективті емес.

«Төрт өңірден басқалары дотациялық аймақтарға айналып, орталыққа тәуелді болып отыр. Шын мәнінде, олар салықтың жиналауын арттыруға ынталандырылмаған. Нәтижесінде, өздерінде жеке қаражаттың тапшылығы қалыптасып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент жергілікті бюджеттер қажетті қаржыландыру көлемінің тек бестен бір бөлігін ғана жауып отырғанын айтты.

«Ал қалғанын орталықпен келісе отырып қана алу мүмкін болуда. Мен бұл жайында осыған дейін пікір білдірген едім», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент бюджет қаражатын игеруде шығыстардың тиімділігі мен орындалған жұмыстардың сапасы екінші орында қалып отырғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар