Президент бүгін ел дауының басым бағыттарын атады - Лаура Демесінова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» халықаралық Президент стипендиясының степиендиаттары Ассоциациясының атқарушы директоры Лаура Демесінова Президент Қасым-Жомарт ТоқаевтыңПарламенттің жетінші шақырылымының алғашқы сессиясындағы сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттің бүгінгі сессияда айтқан басым бағыттарының соңғы кезде әлемде орын алған қиын ахуалда өзекті инициативалар екеніне назар аударды.

«Президент бүгін елдің даму жолында өте маңызды деген басым бағыттарды атады. Ол пандемия кезіндегі өзгерістер мен халықтың әл-ауқаты туралы айтты. Пандемия ұлт денсаулығының маңыздылығын көрсетті. Денсаулық сақтау саласына басымдық беріліп, жаңа реформалар енгізуді тапсырды. Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығының негізі. Тоқаев айтқан әлеуметтік мәселелер соңғы кезеңге сай тенденциялар деп ойлаймын», - деді Лаура Демесінова .

Ол сонымен қатар жасар саясаты мен омбудсмен институтының маңыздылығына тоқталды.

«Жалпы адам құқығын қорғау мәселелері қазір өте өзекті. Бүкіл әлем болып тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп жатыр. Алайда, тұрмыста көрсетілетін қысым азаймай отыр. Бізде омбудсмен институты бар. Президенттің айтуынша, бұл институт әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада «Омбудсмен туралы» Заң қабылданады. Бұл да жағымды өзгерістер бастауы деп білемін», - деді Л. Демесінова.

Ол жастар саясаты мен волонтерлік заңдарының қолдайтынын білдірді.

«Президенттің айтуынша, тәуелсіздік ұрпақтары атты ұлттық жоба мемлекеттік жастар саясаты және волонтерлік бойынша заңдар дайындалып жатыр. Мен бұл заңнамаларды қолдаймын. Депутаттар жастардың әлеуметтік қызметтерін заң негізінде реттейді. Сонымен қатар Қазақстанда жастардың даму индексі енгізілетінін естідік. Жастар сол индикатор бойынша әрекет етеді», - деп қорытты ол.


Соңғы жаңалықтар