Президент: Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады. Бүл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңдарға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады. Сондай-ақ соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады. Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады. Біз референдум арқылы бұрын-соңды болмаған сыртқы және ішкі сын-қатерлерге төтеп бере алатынымызды дәлелдедік. Конституциялық реформаны нақты жүзеге асыра бастадық» – деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар