+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Президент браконьерлікпен күрескен Алматы облысының инспекторына алғыс білдірді

2020 жылғы 22 мамыр 16:48
Бөлісіңіз:
Президент браконьерлікпен күрескен Алматы облысының инспекторына алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін ел Президентінің тапсырмасымен, Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға алғыс хат тапсырдым», - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

«Мемлекет басшысы инспектордың республикамыздың табиғи байлығын сақтауға қосқан айрықша үлесін атап өтті. Леонид Павлович 30 жылға жуық уақыттан бері инспекцияда табанды еңбек ете жүріп, браконьерлікпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Қылмыстық істерді ашуға да қатысуда», - деп атап өтті министр.

Экология министрлігінің басшысы инспекторға «қазақстандықтардың тұма табиғаттың көрікті келбетін тамашалауына мүмкіндік туғызып жүрген айрықша еңбегі үшін» ризашылық білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT