Президент Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Бозжырада қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тарап, бұл жағдай халықтың ашу-ызасын туғызған еді.

Кейін Бозжырада қонақ үй салу жобасына Экология министрлігі мен Мәдениет вице-министрі пікір білдірген болатын.


Соңғы жаңалықтар