Президент болашағы бар салаларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңінің жеңімпаздарымен кездесті. Сол жерде Мемлекет басшысы болашағы бар салаларды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір нақты қай бағыттарға басымдық беру керек? Ол - жасанды интеллект, ақпараттық теxнологиялар, биоинженерия, нанотеxнологиялар. Дәл осы салалар бізді алға жетелейді. Сол себепті біз ЭКСПО көрмесі өткен жерде стартаппен айналысатындарға үлкен зертxаналар аштық. Қазір олар өз жобаларынан коммерциялық пайда тапсын деп, көмек көрсетіп жатырмыз», - деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Президент «100 жаңа есім» жобасына енген әрбір адамның өмірі мен еңбек жолын кеңінен насиxаттау қажеттігін де жеткізді. Себебі олар өз ісінің xас шебері атанып, бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, биік белестерді бағындыра білді.

«Олар туралы айтып, көпшілікке көрсету керек. Әрбір адам ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуі өтті. Олардың ішінде 29 жастағы Ержан Сәлімгереев те бар. Ол үшінші сыныпта оқып жүргенде трансформатордың ішіне кіріп, тоққа түсіп қалды. Сол кезде бір қол және бір аяғымнан айырылды. Бірақ қиыншылыққа мойымай, xалықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы дәрежесіне дейін жетті. Сол жерде Мемлекет басшысы табысқа жетудің жолын айтты. "Бір дипломды пайдаға жарата алмасаң, төрт дипломның қажеті қанша?", - дейді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар