Президент боламын деп ойлаған емеспін - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кезекті жеңімпаздарымен кездесуі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен саясатқа қалай келгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің өмірбаянымды білесіздер, сауатсыз шаруаның баласымын. Әкем де, анам да мектепте мүлдем оқымаған. Мен сияқтылар Қазақстанда өте көп болды. Соғыстан кейінгі жылдары бәрі жетіспейтін. Тамыз айының соңында анам «Зингер» машинасына отырып, мектепке баруым үшін шалбар, көйлек тігетін. Мектепке арналған сөмкем де қолдан тігілетін. Қарнымыз тойып тамақ ішпейтінбіз. Оңтүстікте өскеннен кейін жаз айларында алма, қияр, қызанақ жейтінбіз. Тоя тамақ ішпегеннен кейін деніміз сау болып өскен де шығармыз», - деп еске алды Президент.

Мемлекет басшысы мектепті медальмен бітіргеннен кейін екі бөлмелі саман үйде тұратын әке-шешесіне көмек көрсету үшін металлургия саласына жұмысқа барғанын айтты.

«Еш уақытта Президент боламын деп ойлаған емеспін. Бірақ, жұмысымды адал істеуге тырыстым. Мені бағалап, жоғарылатты. 19 жасымда өндіріс озаты болып, комбинат мені өз қаражаты есебінен қазіргі Қарағанды Политехникалық университетіне оқуға жіберді. 20 жасымда Хельсинкиде өткен Дүниежүзі жастары мен студенттері фестиваліне делегат болып қатыстым. Сөз сөйлеуге, барлығымен кездесуге үйрендім. Кездейсоқ саясатқа араласып, енді, міне, Президентпін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар