Президент: Біздің реформаларымыздың басты мақсаты - Әділетті Қазақстан құру

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Біздің реформаларымыздың басты мақсаты - Әділетті Қазақстан құру. Бұл туралы бүгін кандидатураны қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің реформаларымыздың басты мақсаты - Әділетті Қазақстан құру. Көп нәрсе жасалды. Бірақ біз осынау қиын жолдың тек басында ғана тұрмыз. Сындарлы диалогтың арқасында біз елімізді саяси жаңғыртуда үлкен жетістіктерге жеттік», - деді Мемлекет басшысы форумда.

Президент ел азаматтарының қоғамдық-саяси өмірге қатысудың жаңа мүмкіндіктерін үлкен жігермен қабылдағанын атап өтті.

«Әсіресе жастардың сындарлы белсенділігі қуантады. Мұның бәрі жүргізіліп жатқан өзгерістерді кеңінен әлеуметтік қолдау, адамдардың өзгерістердің шынайылығына деген сенімі деп айтуға болады. Алға қарай жылжу үшін біз өткеннен сабақ алып, болашақтың бейнесін нақты көруіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар