+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Президент: Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда

2020 жылғы 15 наурыз 13:06
Бөлісіңіз:
Президент: Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөздерін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

«Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз. Кезінде қырғи-қабақ соғыс заманы өткен кезде барлық саясаткерлер енді әлемнің келешегі жарқын болады, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды деп айтқан болатын. Дегенмен, мұндай болжамдар бұрыс болып шықты. Қазір адамзаттың болашағы бұлыңғыр. Біздің еліміз де дүние жүзінің бір бөлігі» деп бағамдады Президент.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, жазбада «Қазақстан өз халқынан басқа ешкімге керегі жоғын, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті» екенін атап өткен.

«Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ. Әрине, достарымыз аз емес. Бірақ біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда» деп жазды Қазақстан Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT