Президент: Биыл резервтегі 100 адамды қызметке тағайындау жоспарланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Президенттік кадр резервіне кірген 100 адам қызметке тағайындалады. Бұл туралы Ақордада Президенттік кадр резервіне кірген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жастар мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз. Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жібереміз. Қазірдің өзінде резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке бекітілді. Құттықтаймын! Бұл ауқымды жұмыстың басталуы ғана. Биыл резервтегі 100 адамды қызметке тағайындауды жоспарлап отырмыз»,- деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті алдағы жылдарда кадрлық резервтің әлеуеті толық пайдаланылатындығын да баса айтты.

«Әрине, араларыңыздан бизнес саласында зор жетістікке жеткендер шығып жатса құба-құп болар еді. Осы ретте ел дамуына пайдасы тиетін бастамаларды қолға алған жөн»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.





Соңғы жаңалықтар