Президент бірнеше әкімге сөгіс жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады», - деді Берік Уәли.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А.Жұмағалиевке ескерту жасалды.
«Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты», - деп толықтырды Президенттің баспасөз хатшысы.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация қалай жүргізілетіні айтылды
- Алматыда 147 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазылған - прокуратура
- Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
- Зейнетақы жинағын пайдалану: Арнайы порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек
-
Ғалым коронавирус туралы: Профилактикалық қадамдарға мән берген жөн
-
«Қызыл» аймақтағы Қостанай облысында бүкіл оқушылар қашықтан оқиды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам