Президент бірқатар Заңға қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар