Президент бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беретіндерді сынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте орталық пен өңір арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Қ. Тоқаевтың айтуынша, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді.

«Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл –орынды», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар