+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Президент Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды тапсырды

2020 жылғы 11 мамыр 14:44
Бөлісіңіз:
Президент Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құруы қажет.

Ұқсас жаңалықтар
Абай өлеңдерін америкалықтар да оқи бастады: флэшмобты қолдаушылар саны артып келеді Елімізде педагогтар мен студенттер цифрландыру бағытында ақысыз оқытылды Алматылық оқушы балаларға тегін ағылшын тілін үйрететін онлайн мектеп ашты

Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19 және соған ұқсас вирустар бір реттік құбылыс емес сияқты. Сондықтан бізге практикалық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге ғылыми көзқарас тұрғысынан да үнемі дайын болу қажет. Үкіметке беделді ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрғаны жөн», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің пайымынша, білімді барынша икемді жасап, балалар мен студенттерді қашықтан оқыту режимінің хаттамалары мен әдістемелерін әзірлеу, еліміздің барлық оқу орындарын шынайы цифрландыруды аяқтау қажет.

«Заманауи қашықтан оқыту технологияларын қарқынды енгізу қажет. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарап шығып, оларды қолжетімді және интерактивті жасау керек. Педагогтердің өзін дайындау жаңа талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT