Президент білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатын болады. Жалпы, мен атап көрсеткен шешімдер қазақстандық ғылымды кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресіндегі үлесіне бағытталған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мүмкіндіктеріне де тоқталды.

«Бұған қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай деңгейде көтеруге мүмкіндік беретін Ұлттық дәйексөз алу жүйесін құруымыз қажет деп есептеймін. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін нығайтуды талап етеді», - деді Президент.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөз сөйледі.


Фото: akorda.kz

Соңғы жаңалықтар