Президент Байқоңырда арнайы экономикалық аймақ құруды тапсырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі мен Қызылорда облысының әкімдігі Байқоңырды дамытудың тиімді тетіктерін айқындап, қысқа уақыттың ішінде арнайы экономикалық аймақ құруы қажет. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың Тwitter-дегі аккаунтына сілтеме жасап.

«Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту басталды. 30 жылдың ішінде бұл жерде алғаш рет көпқабатты үй мен медициналық орталық салынды. 5 мектеп қазақстандық стандарт бойынша білім беруге көшті. Коммуналдық желілерді жөндеп, 6 тұрғын мен мектеп салу жоспарланған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Байқоңырды дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу қажеттігіне назар аудартты.

«Үкімет пен әкімдік Байқоңырды дамытудың тиімді тетіктерін айқындап, қысқа уақыттың ішінде арнайы экономикалық аймақ құруы қажет. Ғарыш айлағының ауқымы мен бірегейлігі бізге алдыңғы қатарлы компаниялармен және перспективалы технологиялық стартаптармен жұмыс істеу үшін тамаша мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Президенті.

null

Соңғы жаңалықтар