Президент баяндамасында жастардың білім алып, еңбекке араласуына мән берді - Гүлнар Сәрсенбекова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған мәлімдемесіне қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Университет ректорының айтуынша, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасап, нақты тапсырмалар берді.

«Еліміздің мақсаты айқын. Президент баяндамасында қазіргі заманғы сынақ-қауіптер мен трендтерге сапалы, тұрақты және әділ білім беру арқылы жауап беретіндігіне тоқталды. Жастардың мәселелерін жан-жақты қарастырып, алғашқы жұмыс орны, еңбекке араласуына мән берілді. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастарға грант бөлу мәселесі де көтерілді. Жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасы, білім беру мекемелері, жалпы қоғам бірлесе атқаратын келелі мәселе ретінде маңыздылығына тоқталды»,- деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құру туралы тапсырмасы – кезек күттірмей шешілуге тиісті өзекті әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға үлкен қолдау болатындығы сөзсіз.

«Қоғам алдындағы жауапкершілікті, өркениетке қосар үлесін Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ұжымның әрбір мүшесі сезінеді. Еліміздің өркендеу жолында ұжым болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, адал еңбегімізбен үлес қосамыз.

Еліміздің басты құндылығы – Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа Қазақстанның даму жолында Мемлекет басшысы көтерген мәселелердің шешімін табатындығына сенеміз», - деді Гүлнар Сәрсенбекова.


Соңғы жаңалықтар