Президент бастамаларын ары қарай жалғастырамыз - Қазақстанның жастар конгресі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жастар конгресі Президент үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан жастары конгресі атынан Елбасыға қабылдаған шешімі үшін зор құрмет көрсеткіміз келеді. Халқымыз үшін, еліміз үшін және мемлекеттен тыс жерлерде Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қаншама күш-жігер жұмсады. Бүгін Қазақстан - өмір тіршілігінің барлық салаларында үлкен әлеуеті бар бәсекеге қабілетті ел. Біз туралы күллі әлем білетін болды, біздің ел жайлы серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде айтады. Бұл, әрине, көреген көзқарасы бар және қиын шешімдер қабылдаудан қорықпайтын Президенттің еңбегі», - деді ұйым басшысы Тоқтар Болысов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгінде барлық қазақстандықтар тарихи өзгерістердің куәгері болып отыр. Соның ішінде жастар ұйымдары Президенттің бастамасымен құрылған ұйымдар ретінде барлық бастамаларды ары қарай жалғастыруға мүдделі. «Біздің қауымдастығымыз, басқа да жастар ұйымдары мен бағдарламалары сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған, сонымен қатар ол барлық идеялардың шабыттандырушысы болып табылады. Ел жастарының атынан бақытты жылдар мен бейбіт аспан үшін, ең бастысы біздің саламызға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Біз болашағымыздың сенімді қолда екеніне және мемлекеттік бастамаларды әрі қарай да қолдауға және іске асыруға дайын екенімізді шын жүректен жеткізгіміз келеді. Және де, болашақта ұзақ жас тілеп, Елбасы үкілеп артып отырған сенімін біз жастар ақтауға бар күш-жігермізді салмақпыз», - деп атап көрсетті Т.Болысов.

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан xалқына үндеу жолдап, өз өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды уақытша басқаратынын жеткізді. Н.Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін атқара береді.

Соңғы жаңалықтар