Президент бастамалары партиялар жұмысын жандандырады - Төлеутай Рақымбеков

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Төлеутай Рақымбеков Президент бастамаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы мүшелерінің пікірі бойынша, соңғы сайлау өте жоғары деңгейде өткен. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси жаңғыру тұрғысындағы қадамдар ықпал етті. Сонымен қатар бұл бастамаларға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қолдау білдірген еді. Атап айтқанда, қабылданған шаралардың арқасында партиялар жұмысын жандандырды. Әсіресе, өңірлерде белсенді жұмыстарды байқадық», - Т. Рақымбеков «Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» тақырыбындағы сарапшылық талқылау барысында.

Сарапшының пайымынша, Мемлекет басшысының саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін түсіруге , сондай-ақ сайлау бюллетеньдеріне « бәріне қарсымын « деген жазу енгізуге қатысты ұсынысы партиялар жұмысының бұдан ары қарай жандандырады.

«Сонымен қатар, азаматтар бұл бағыттағы процеске қызығушылық танытады. «Ауыл» партиясына осы қадамдар өзекті болып тұр, өйткені партиямыз сайлауда 5 пайыздан астам дауыс жинаған еді. Сайлауға қатысу қорытындысын «Ауыл» партиясы жеңіліс ретінде қарастырмайды. Біздің кандидаттар Мәжіліске өтпесе де, жалпы сайлау қорытындысын оңтайлы деп бағалап отырмыз», - деді Т. Рақымбеков.

Оның сөзіне қарағанда, партия атынан депутатыққа кандидат ретінде 625 адам тіркелді. Соның арасында 19-ы Мәжіліске, ал қалғандары түрлі деңгейдегі мәслихатқа кандидат ретінде қарастырылды.

«Алдын ала жоспар бойынша осы кандидаттардың шамамен 40 пайызын депутаттықа өтуін ескерген едік, яғни 240 мандат алу болжамы қарастырылды. Іс жүзінде 237 мандатқа қол жетізілді, осы орайда жоспар орындалды деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде 2016 жылдағы көрсеткіштен 6,5 есеге артық, ол кезде бізде 37 депутат мәслихаттарда қызмет етті», - деді «Ауыл» партиясының өкілі.


Соңғы жаңалықтар