Президент бастамалары қалай қаржыландырылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 552 млрд теңге сомасына 810 қарыз берілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына биылғы жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1,1 трлн теңгеге жуық сомаға 1 410 өтінім келіп түсті. Оның ішінде банктер 731,5 млрд теңгеге 889 өтінімді мақұлдады. 552 млрд теңге сомасына 810 қарыз берілді», - деді ол.

ҰБ төрағасының дерегінше, кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша осы жылғы 12 ақпанда кәсіпкерлер 672,3 млрд теңгеге 2 632 өтінім берді.

«526,2 млрд теңгеге 1 844 өтінім мақұлданды, 596,3 млрд теңгеге 5 879 қарыз берілді. Оның ішінде 138,5 млрд. теңгеге 2 479 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен беріліп отыр», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар