Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Президент барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді тапсырды

2019 жылғы 15 шілде 12:46 266
Бөлісіңіз:
Президент барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте 1,5 мың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды Жерді тиімді пайдаланбайтындар оны қайтаруы керек - Құмар Ақсақалов БҚО-да 1,532 млн гектар жер пайдаланылмай бос жатыр

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген инвентаризация бос жатқан 16,5 млн гектар жерді анықтады. Бұл – мәселенің бір бөлігі ғана. Үкіметке барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырамын. Жер – өндірістің басты факторы. Тиімділік пен ашықтық болмаса, ауылды дамыта алмаймыз. Түсінеміз, өте қиын жұмыс, мұнда Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму министрліктерінің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы цифрландыру жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

«Келесі жылдың соңында барлығы реттелуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, барлығы цифрлануы тиіс», - деді Президент.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді қолдануды нормативті және тәжірибе жүзінде қатаң бақылауды тапсырды.

«Жер жұмыс істейтін адамдарға берілуі тиіс. Үкімет, атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жердің тиімді пайдаланылуын бақылауды бастап кетті. Бұл жұмысты соңына дейін жүргізу қажет. 2021 жылы Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий аяқталады. Ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге салынған тыйым жөнінде айтып отырмыз. Бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдануы тиіс. Бұл туралы Парламент депутаттары, саяси партиялар және қоғам ой қосады деп үміттенемін. Шетелдіктерге келсек, жер оларға сатылмайды. Мұны анық түсінген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT