Президент бағдарламасы бүгінгі қоғамның барлық сұранысына жауап береді - Ерлан Сыдықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым Жомарт Тоқаевтың бағдарламасы бүгінгі қоғамның барлық сұранысына толық жауап береді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың пікірі осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың сөзінше, ұлықтау рәсімінде президент өте өзекті мәселелерді көтерді. Әлеуметтік, жастар мәселесіне тоқталып, көптің көкейіндегі мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдарды атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының салып келген сара жолын әрі қарай жалғастырушы екенін нақты айтты. Сонымен қатар, қоғамның талабына, дауыс берушілердің үмітіне, олардың сеніміне жауап бере алатынын нақты өзінің жоғарыдағы жоспарларымен дәлелдеп отыр», - дейді Ерлан Сыдықов.

Соңғы жаңалықтар