+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Президент: Азия қаламгерлері еңбектерінің біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті

2019 жылғы 4 қыркүйек 10:11
Бөлісіңіз:
Президент: Азия қаламгерлері еңбектерінің біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қаламгерлерінің І форумының жұмысына табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Үкіметтің алдағы кеңейтілген отырысында коронавируспен күрес мәселесін талқылайды Қасым-Жомарт Тоқаев: Кейбір арсыз кәсіпкерлер күрделі жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелгісі келеді Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады - Тоқаев

«Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз. Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы – қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін. Бүгінгі форум жұмысын табыс тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қаламгерлерінің І форумында.

Еске салсақ, елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр. Оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығының 3 номинаты қатысуда. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT