Президент Әзірет Сұлтан мешітінде қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына құран бағыштады
12:10, 05 Қаңтар 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: akorda.kz