Президент азаматтық қоғамға үлкен үміт артып отыр-Азаматтық сектор өкілдері

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарт - Мемлекет басшысы азаматтық қоғамға үлкен үміт артады. Бұл туралы Көкшетауда Ақмола облысы Азаматтық секторы өкілдерінің қатысуымен өткен диалог алаңында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары талқыланған жиында жақында елімізде орын алған оқиғалар сөз болды. Шараға саяси партиялардың, кәсіподақ ұйымдарының, ғылыми қоғамдастық пен интеллегенцияның, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

«Елімізде орын алған оқиғалар біздің азаматтарымызды біраз алаңдаты. Алматы сияқты ірі қалалардағы бейбіт митингттерге террористік элементтер қосылып, елдегі тәртіп пен тұрақтылықты бұзып қана қоймай, ел билігі мен халқын қиын жағдайға душар етті. Бірнеше күн бойы интернеттің тұрақсыздыған адамдардың туыстары және отандастарымен байланысуға мүмкіндігі болмады. Осы ретте, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаға өз бағасын беріп, оның орын алу себептерін атады, сондай-ақ, халыққа жанашырлық танытып, дағдарысты дағдарысты еңсеру және елдегі өмірді тұрақтандыру жөніндегі нақтылы қадамдарды атады. Мемлекет басшысы бізге, азаматтық қоғамға үлкен үміт артып отыр. Біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін, оның ішінде қоғамдық қызметтегі өз тәжірибемізді және өз мүмкіндіктеріміз тұрғысынан перспективалық көзқарасымызды ескере отырып, өз үлесімізді қосуға тырысамыз», - деп атап өтті «Наша права» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, «Ақмола облысы азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшысы Владислав Шуль.

Диалог алаңы барысында Мемлекет басшысы айтқан бастамалар мен ұсыныстарды қолдау үшін өңірдің азаматтық қоғамының бірқатар өкілдері өз ой-пікірлерімен бөлісті. Соның ішінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттінің проректоры Ардақ Қапшыев жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін қозғаса, Ақмола облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы мен жауапкершілігіне тоқталды.

«Біз бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері ғана әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілету мен Қазақстандағы еңбек адамына лайықты жағдайларды қамтамасыз ету үшін негіз бола алатынына сенімдіміз. Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы Еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Президенттің әлеуметтік Кодекстің қабылдануын қамтамасыз ету туралы сөздері өзекті болып табылады. Оның шеңберінде пандемия сын-тегеуріндері мен жинақталған проблемаларды ескере отырып, әлеуметтік саясатты жаңа болмысқа бейімдеу қажет. Әлеуметтік Кодекс жаңа қоғамдық шарттың негізгі элементі болуға тиіс.

Біз-кәсіподақтар еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы мен жауапкершілігін түсіне отырып, туындаған мәселелерді шешу бойынша үкіметпен және жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимылды қолдаймыз», - деді Қали Рахметов.

Соңғы жаңалықтар