Президент: Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетуі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлердегі қуаңшылықта тиісті жұмыс атқармағаны үшін Ауыл шаруашылығы министрін отставкаға жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жем-шөппен қамтамыз етудің қаншалықты маңызды екені айқын сезілді. Ауа райының қолайсыздығынан және болжам жасау жұмысының тиімсіздігінен ахуал ушығып кетті. Әсіресе Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында жағдай күрделі. Бір ғана Маңғыстауда жаппай қырылған мал саны үш мыңға жетті. Бір тонна шөптің орташа бағасы 23 мың теңге, ал кей аймақта 42 мың теңге болды. Мұның неге әкеп соқтыратыны белгілі, тапшылық туындайды, баға өседі», - деп атап өтті Президент.

Қ. Тоқаев әкімдіктердің және ауыл шаруашылығы министрлігінің тарапынан дұрыс шешім қабылданбағанын баса айтты.

«Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты әс-әрекет пен кері байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер көмек сұрап, маған тікелей өтініш айтуда. Әрине, қуаңшылық – табиғи жағдай, мұны жақсы түсінемін. Дегенмен, бұл – мәселенің бір жағы ғана. Ең алдымен осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы керек еді. Бірақ министрлік бұл жұмысты тиімді ұймдастыра алған жоқ. Сондықтан, осы салаға бірден-бір жауапты тұлға ретінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапахан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін. Бұл жұмыс әсіресе дағдарыс кезінде қолыңыздан келмейді екен», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар